Атырау облысында тасқын судан зардап шеккен отбасының балалары онлайн форматта білім алады.
Бұл туралы облыстық білім беру басқармасы басшысының міндетін атқарушы С.Аманшиева мәлімдеді.
- Бүгіннен бастап Жылыой ауданында қарғын судың шектен тыс тасуы салдарынан баспанасы суға кетіп, өздері эвакуацияланған отбасылардың балаларын қашықтықтан оқытуды ұйымдастырамыз. Және бұл жағдай тұрақтанғанға дейін жалғасатын болады, - деді ол.
Онлайн білім алатындардың қатарында Құлсары қаласынан "Теңіз" кен орнындағы вахталық қалашыққа, Атырау қаласына эвакуацияланғандар мен көршілес облыстарға кеткендер де бар.
"Тасқын су кезінде Маңғыстау облысына бет алған ата-аналардың балаларын сол өңірдің білім беру бөлімдері арқылы оқытатын боламыз" дейді облыстық білім беру басқармасы басшысының міндетін атқарушы С.Аманшиева.
Атырау облысының төтенше жағдай жөніндегі жедел штабы
t.me/oper_shtab_atyrau
@oper_shtab_atyrau