«Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз»

Студенттер шара барысында ән айтып, көркемсөз оқыды.

16 желтоқсан - Тәуелсіздік күніне орай Т.Байсырымов атындағы Құлсары гуманитарлық-техникалық колледжінде “Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз” атты мерекелік шара өтті.

Шараға “Жылыой - адалдық алаңы” жобалық кеңсесінің жетекшісі Абдигалиева Мадина, желтоқсан оқиғасының куәгері Мұқан Мұрат, Ішкі саясат бөлімінің басшысы Гүлнафис Айшуақова, Жылыой ауданы жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі басшысы Сауытов Нұржарық, аудан белсенділері Курбенов Қоныс және Сенғалиева Қарлығаш қатысты.

Шараны колледж директоры Мадина Сабыржанқызы құттықтау сөзімен ашып, желтоқсан куәгері Мұқан Мұрат басынан өткен оқиғаларымен бөлісіп, жастарға Отанын сүюге, өз елінің патриоты болуға шақырды.

Сонымен қатар Жылыой ауданы жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі басшысы Сауытов Нұржарық мерекемен құттықтап, жастарға игілік, барлық бастамаларына сәттілік, ертеңгіге сенімділік тіледі.

Студенттер шара барысында ән айтып, көркемсөз оқыды.

Еліміздің еңсесі биік, туымыздың тұғыры берік, тәуелсіздігіміз мәңгі болғай!

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT