Сыңғырла, күміс қоңырау!

Өткен сенбіде ауданымыздың барлық мектептерінде алғашқы қоңырау соғылып, салтанатты жиындар өтті.

Бұл күн – білім ордалары білім алушыларға есіктерін айқара ашып, мектеп табалдырығын алғаш аттаған кішкентай бүлдіршіндерді ықыласпен қарсы алатын күн. № 8 мектепте 1 қыркүйек - Білім күніне орай «Сыңғырла, күміс қоңырау!» атты шара өтті. Салтанатты жиында аудан әкімі Азамат Бекет оқушылар мен ұстаздарды және ата-аналарды 1 қыркүйек - Білім күнімен құттықтап, жаңа оқу жылын сәтті бастап жақсы жетістіктерге жетулеріне тілек білдірді. Мектеп директоры К. Қосайқызы биылғы оқу жылын 1100 оқушымен бастағалы тұрғанын атап өтті. Сонымен қатар 12 жылдық білім беру бағдарламасына 3, 6, 8-сыныптары көшпек. Биыл мектеп жоғары білімді 7 маманмен толығып отырған көрінеді. Мектепте "Ақылды мектеп" пилоттық жобасы аяқталуға жақын, жүйелік жұмыстар толыққанды іске қосылған аталған қызмет іске қосылмақ. Ол қызметтің тиімділігі ата-аналар балаларының мектепке уақтылы кіріп-шыққанынан хабардар болып отырады. Асхана қызметі үшін қолма-қол қаражат төлемей, арнайы чип арқылы ақы төлеу функциясы қарастырылған.

 

Қ.Нұртайұлы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521