Ұстаздарға құрмет ұлықталу қажет

Президент өз жолдауында ұстаздардың рөлін айрықша атап өтіп, оларды “елдің интеллектуалды авангарды” деп атауы -білім саласына деген жаңа қарым-қатынастың белгісі.

Мұғалімге көрсетілген бұл құрмет олардың қоғамдағы мәртебесін көтеріп қана қоймай, жас ұрпақ тәрбиесі мен білім сапасына ерекше серпін беретіні сөзсіз.

Сонымен қатар талапты жастарды білім беру саласына тарту туралы айтылған бастама уақыт талабына толық сай келеді. Қазіргі өзгермелі заманда білімді, креативті әрі жаңашыл мамандардың келуі еліміздің дамуына бағытталған маңызды қадам. Жас буынның педагогикаға қызығушылығын арттыру үшін жағдай жасау, қолдау көрсету және нақты ынталандыру тетіктерін қалыптастыру болашаққа салынған инвестиция.

Мұғалім: Айгерим Ауданбаева

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT