Әскери-патриоттық сайыс өтті

Оған әр мектептен оқушылар қатысып, жүлделі орындарға ие болды.

Аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен №1 жалпы орта білім беретін мектепте Жеңістің 75 жылдығына арналған мектеп оқушыларының әскери-патриоттық клубтарының аудандық сайысы өтті. Оған әр мектептен оқушылар қатысып, жүлделі орындарға ие болды. «Менің әскери роботым» номинациясы бойынша I орынды Жас техниктер станциясының тәрбиеленушілері Жанатбек Орынбасаров пен Ернұр Нұрбол иеленді. «Әскери мақсаттағы макеттер» номинациясы бойынша I орынды №17 мектеп оқушысы Латиф Амантурлиев, II орынды №9 мектеп оқушылары Төлеухан Жасұлан, Хасанов Ерсұлтан, III орынды №2 мектептің Гүлжайна Атшығали және №4 орта мектептің оқушысы Азамат Аманғалиев иеленді.

«Біздің әскери-патриоттық клуб» бейнероликтер сайысынан I орынды №9 мектептің «Намыс» патриоттық клубы және «Жас сарбаз» кадет сыныбының мүшелері иеленді. II, III орындармен №1, №3, №17, №21 мектептердің патриоттық клуб мүшелерінің жұмыстары үздік деп танылып, марапатталды. Аудандық байқаудың қорытындысында білім бөлімінің әдіскері Ж.Атырауов орын алған оқушыларды дипломдармен марапаттады. Байқау жеңімпаздары облысқа жолдама алды.

Ж.Шаңқанова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521