Әсерлі әдеби- интеллектуалды ойын

М.Мақатаев – қазақ халқының әл-Фарабиден Абайға, Абайдан Мағжанға, Мағжаннан бүгінге дейін жалғасып жатқан жыр көшіндегі өзіндік орны бар біртуар ақын. Ақынның туған күнін бүкіл қазақ халқы естен шығарған емес. Өйткені ол – қазақ жырының аспанындағы ең биік жұлдыз. Сондықтан қаладағы №1 жалпы орта білім беретін мектептің 9-сыныптары арасында өткен әдеби-интеллектуалды ойындар сайысы осы Мұқаң шығармашылығына арналды.

«Мұқағали – қазақ поэзиясының Хан Тәңірі» деп аталған сөз бен ой додасына оқушылар төрт командаға бөлініп, жарысқа түсті. Шараға атсалысқан оқушыларға шабыт беруді көздеген бастапқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі, әрі сынып жетекшісі Д.Құсайынов ақынның бірнеше өлеңін жатқа оқып берді. Шара форматы ақынның маржан жырларын мәнерлеп оқу, «Әдеби Джем» – интеллектуалды ойын, «Кітап мұқабалары арқылы ұйқастырып өлең шығару» деп аталатын бірнеше бөліктен тұрды. Оған әр команда асқан белсенділікпен қатысты.

Сайысты қорытындылаған әділқазылар алқасының ұйғаруымен жеңімпаздар анықталып, жүлдегер оқушылар марапатталды. Осылайша «Мұқағали – қазақ поэзиясының Хан Тәңірі» әдеби-интеллектуалды сайыс өз мәресіне жетіп, мазмұнды шарадан шәкірттер рухани әсер алып тарқасты.

Зеріп НҰРХАСАНОВА,

кітапханашы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT