Семейде Республика күні жаңа мектеп ашылды

Семей қаласында Республика күніне орай бірқатар шара өткізілмек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, Семейде Ұлттық мереке — Республика күні кең көлемде аталып өтіледі.

- Мереке қарсаңындағы 22-23 қазан күндері Северный, Дальный, Жоламан базарларында ауыл шаруашылығы тауарлары өндірушілерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Ал 25 қазанда этномәдени бірлестіктер шеруі мен мемлекеттік туды салтанатты түрде жоғары көтеруден басталатын шара ары қарай концерттік бағдарламалар мен спорттық іс-шаралармен жалғасын табады, - делінген ақпаратта.

Қаланың мұражайлары мен кітапханалары тұрғындарға ашық есік күнін өткізеді. Сондай-ақ жаңа мектеп, спорт модулі және басқа да нысандардың ашылуы мерекемен тұспа-тұс келіп отыр.

Сағат 19.00-де орталық алаңда отандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен мерекелік гала-концерт, сағат 22.00-де мерекелік отшашу болады деп жоспарланып отыр.

Айта кетейік, мерекелік іс-шаралар Абай облысының барлық аудандары мен қалаларында өткізілмек.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521