С.ЕСЕНҒАЛИЕВ ЕКІНШІ ТОҚСАНДА ОҚУДЫҢ ҚАЛАЙ ЖАЛҒАСАТЫНЫН АЙТТЫ

Мектептерде оқу процесі бірінші тоқсандағы режимде жалғасады.

Бұл туралы ​ Атырау облыстық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Атырау облыстық Білім беру басқармасының ​ басшысы Сатқан​ ​ Есенғалиев​ айтты, деп хабарлайды облыстық Білім беру басқармасының баспасөз қызметі.

Спикер​ коронавирус инфекциясының әлемде және еліміздегі жағдай тұрақты емес екендігін атап өтті.

«Біз ​ үшін ​ балалардың өмірі қашанда қымбат. Балалардың​ қауіпсіздігін сақтау мақсатында Бас санитарлық дәрігердің қаулысын негізге ала отырып, қашықтықтан оқыту жүйесін жалғастырып отырмыз», деді Сатқан Есенғалиев.

«2020-2021 оқу жылында 134​ 838 оқушысы бар 196 мектеп жұмыс жасайды. Облыстың жалпы білім беретін мектептерінде оқу жылының 1-тоқсанында оқу процесі 3 бағыт бойынша ұйымдастырылды. Шалғайда орналасқан шағын жинақталған штаттық режимдегі 21 мектепте 1296​ оқушы қамтылған. 175​ мектепте 108​ 713​ оқушыларға оқу үрдісі қашықтан оқыту технологиясы бойынша ұйымдастырылды. Ал, 164​ мектепте 1-4 сыныптың 25​ 023 оқушысын қамтитын 1887 кезекші сыныптар ұйымдастырылған», деді Сатқан Ыбырайұлы.

Айта кетелік, бүгінгі таңда облыста 21 шағын жинақты мектептерде оқушылар штаттық режимде білім алуда.

Облыстық Білім беру басқармасының

баспасөз қызметі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521