Робототехника бойынша облыстық чемпионаттың жеңімпаздары анықталды

«KazRoboSport-2023» робототехника бойынша республикалық чемпионатының Атырау облысы бойынша іріктеу кезеңі өтті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

Абай атындағы оқушылар орталығында өткен іріктеу чемпионатын «ҚазРоботикс» Қазақстандық робототехника федерациясы Атырау қаласы жастарын дамыту бастамасы аясында Орталық Азияның Еуразия қоры және «Chevron» компаниясымен серіктестікте ұйымдастырып отыр.

Негізгі мақсат - STEAM және робототехника бағытын танымал ету, балалар мен жастардың STEAM және робототехника саласындағы техникалық шығармашылығы мен қажетті дағдыларын дамыту.

Конкурсқа 77 команда қатысты. Олар 10-18 жас аралығындағы оқушылар мен студенттер. Үміткерлер жеті санат бойынша жарысты. Яғни «Арқан тартыс», «Асық ату», «Ақ сүйек», «Робо-сумо 10х10 см», «Желілер бойынша жарыстар», «Робо-сумо 25х25 см» және «Кегельринг квадро» санаттары бойынша жоғары дайындықтарын көрсетті. Жарысқа Атырау қаласы бойынша мектептер, қосымша білім беру орталықтары, университеттермен бірге, Жылыой, Қызылқоға, Мақат, Индер аудандарынан командалар қатысты,- деді «ҚазРоботикс» Қазақстандық робототехника федерациясы Атырау облыстық филиалының директоры Асқар Алдан.

«Робо-сумо 10х10см» санаты бойынша Қалымжан Нұрсултан мен Жақсылық Әбілмансур, «Ақ сүйек» бойынша Алина Истомина мен Венера Серікқалиева, «Арқан тартыс» бойынша Ануар Әмірбек пен Егор Повстянко, «Робо сумо 25х25см» бойынша Әли Өтепбергенов пен Азамат Абурахмен, «Кегельринг-квадро» бойынша Алмагүл Жексенбай, «Асық ату» бойынша Інжу Қазыбекқызы мен Инабат Жанқабылқызы, «Желі бойынша жарыс» санатында Алия Зұлқайыр мен Индира Салауатова 1 орынды иеленді.

Айта кетейік, бірінші орын алған жеңімпаздар республикалық конкурста Атырау облысының намысын қорғайтын болады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521