Республикалық «Мәшһүр-Жүсіп оқулары» байқауының облыстық кезеңі қорытындыланды

Бұл туралы облыстық Білім беру басқармасы Таланттарды анықтау және қолдау орталығының директоры Руслан Сарбалин мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жалпы білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары арасында өткен республикалық «Мәшһүр-Жүсіп оқулары» байқауының облыстық кезеңіне 38 оқушы қатысып, бақ сынады. Қатысушылар ережеге сәйкес 4 бағыт бойынша өз жұмыстарын қорғады.

Ондағы I бағыт – «Алдыма өлең жаз деп қағаз келген, Сөзімді сөйлеп бақтым мен де білген» деп аталады. Қатысушы ұсынылған тақырыптың біріне өз шығармасын арнайды.

Ал II бағыт – «Бас болып өнер білсең, тіпті жақсы». Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының шығармаларындағы көркем ой, талғам мен түсінік, ұлттық танымның ерекшеліктерін, адамзат, ұлт руханиятындағы мәнімен сабақтастыра отырып, ғылыми зерттеу жобасын қорғау.

ІІІ бағыт – «Білімді зерек адам болам!» - десең, Қара өзіңді басқаның айнасымен». Мұнда ұлы баба шығармаларындағы ойларды кеңейтіп, ұлт тарихымен, ұлттық әдебиет мазмұнымен байланыстырып, эссе жазу.

Соңғы IV бағыт – «Мәшһүр-Жүсіп шығармалары және «Ұлы даланың ұлы есімдері». Яғни ғұламаның фольклорлық жазбаларындағы ұлттың ұлы тұлғаларын сипаттау.

-Байқау философ-ақын Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының рухани мұрасын дәріптеу, тұлғаның зияткерлік және шығармашылық әлеуетін дамыту мақсатында ұйымдастырылды. Байқауға балалар үлкен дайындықпен келген. Бізге 38 жүйріктің ішінен үздік дегендерін таңдап алу оңай болған жоқ. Десе де, оқушылардың талабына, талпысына риза болып, шын жүйріктерді әділ таңдадық деп ойлаймын,- деді Р. Сарбалин.

Байқаудың қорытындысына сәйкес I дәрежелі дипломмен 4 оқушы, II дәрежелі дипломмен 9 оқушы, III дәрежелі дипломмен 12 оқушы, Алғыс хатпен 13 оқушы марапатталды.

Айта кетейік, жүлдегер оқушылар республикалық кезеңге жолдама алды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Әлеуметтік желілеріміз