Журналистер атап өткендей, әлеуметтік желілерде Астрахань қазақтарынан қазақ мектептерін салу туралы өтініш түскені туралы ақпарат тараған. Тілшілер Білім министрлігінің басшысынан жағдайдың барысы туралы сұрады.
"Иә, бұл мәселе талқыланып жатыр, үш облыс қаралып жатыр, оның бірі – Астрахань, екіншісі – Орынбор, үшіншісі – Томск немесе Омбы, нақты есімде жоқ. Иә, қазақ диаспоралары көп жерде қазақ мектептерін ашу мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Бұл жұмыс ресейлік әріптестермен бірлесіп жүргізілуде. Ұсыныс қолдау тапты. Бұған дейін олар Ресей Қазақстанның оңтүстігінде мектеп салуды жоспарлап отырғанын айтқан болатын. Бұл талқылануда. Түпкілікті шешім желтоқсан айында қабылданады", — деді Ғани Бейсембаев.
2023 жылдың 9 қарашасында Білім министрі Ғани Бейсембаев Қазақстанның оңтүстігінде орыс мектептерінің ашылуы туралы айтты. Одан кейін оңтүстікте үш ауысымды мектептер көп екенін, жалпы, мектеп тапшылығын айтты.