Президент артқан зор сенім

1 қыркүйек - Білім күні мерекесімен қатар, жыл сайын үлкен үмітпен күтетін ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын жылыойлық ұстаздар қауымы да асыға күтеді. Елдің еңсесін көтеретін игі бастаманың маңызын қоғамның әрбір мүшесі түсініп, әлеуметтік жаңғыртуға шамасы келгенше үлес қосса, ол өзі үшін де, еліміз үшін де тиімді болар еді.

«Осы орайда халықтың тұрмыс сапасына тікелей әсер еткен кейбір шараларды атап өткім келеді. Мысалы, 2020 жылдан бері мұғалімдердің жалақысы екі есе өсті. Дәрігерлердің айлығы да айтарлықтай көбейді. Қазір олардың табысы еліміздегі орташа жалақыдан әлдеқайда жоғары. Жұртқа зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалану мүмкіндігі берілді» деген Мемлекет басшысы соңғы кездегі елімізде орын алған елеулі өзгерістерді, соның ішінде білім саласындағы атқарылған қыруар жұмыстарды айрықша атап өтті.

Қасым-Жомарт Кемелұлының «Миллионға жуық адам осы жобаның игілігін көрді – тұрғын үй мәселесін шешіп, баспаналы болды. «Жайлы мектеп» жобасы аясында 400-ге жуық мектеп салынады. Қазір ауылдық жерде 300-ден астам денсаулық сақтау нысаны салынып жатыр. «Ұлттық қор – балаларға» жобасы қолға алынды. Соның арқасында жаңа жылдан бастап балалардың есепшотына қаражат түсе бастайды» деуі – соның айғағы.

Расында да қазір педагог қызметкерлердің жалақысы өсіп, мұғалім мәртебесі туралы заң қабылданып, ұстаздың қоғам алдындағы абырой-беделі арта түсті. "Алты алаштың басын қосса, төр - мұғалімдікі" деген қазақтың қағидалы сөзін естен шығармайтын Мемлекет басшысы қашанда білім саласын өз Жолдауында назардан тыс қалдырып көрген емес. Сондықтан ұстаздар қауымы де өзіне артқан сенімді ақтап, мемлекет қазынасы саналатын білімді ұрпақ тәрбиелеуде аянбай еңбек ете береріне сенімім мол.

Сымбат Қабдырахманова,

№4 орта мектептің директоры,

аудандық мәслихат депутаты

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521