Парасатты Әйгерім

№4 М.Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектепте ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай 5-7-сынып қыз балалары арасында «Парасатты Әйгерім» байқауы болып өтті. Байқауға барлығы 10 оқушы қатысып, 5 бөлімнен тұратын байқау шарты бойынша сынға түсті.

Сайысқа 5-7-сынып оқушылары қатысты. Шарт бойынша сайыскерлер Абай өлеңдерін жатқа айту, оның қара сөздерін видео слайдпен мазмұнын ашу, ақын өлеңіне жазылған әндерді орындап, Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы сұрақ-жауаптарға мүдірмей жауап берді және мектеп кітапханасынан Абай өлеңдерінен оқыған, жаттаған шығармаларын мазмұнын сипаттап айтып берді. Сайыста «Абай - дана, Абай - дара қазақта» атты кітап көрмесін мектеп кітапхана меңгерушісі Т.Бисенғалиева ұйымдастырып, библофреш жасады.

5,6,7-сынып жетекшілері де сайыскерлермен бірге Абай өлеңдерін мәнерлеп оқып, ән салды. Мектеп психологі А.Таңбайқызы Абай өлеңдерінен қимыл-сергіту ойынын жүргізді. Оқушылардың сайысқа жоғары дайындықпен келгені байқалды. Әсіресе 7 «а» сынып оқушысы Абай өлеңдерін бірінен соң бірін шатастырмай оқып, "Поэзия падишасы" атанып, 6 «а» сынып оқушысы Дана Аманқосова «Парасатты Әйгерім» атағына лайық деп танылды.

Ж.Наурыз

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

logo1

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

 

Яндекс.Метрика