Отансүйгіштік балабақшада қалыптасады

ken-zhyloi.kz

«Балауса» бөбекжай-бақшасындағы «Мейірім» кезекші ортаңғы тобында тәрбиеші А.Кенжебекованың ұйымдастыруымен ашық шара болып өтті.

Онда балаларға Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен жауынгер аталар туралы, жыл сайын Жеңіс күнін бүкіл халық тойлап отыратыны жайлы айтылып, отансүйгіштікке тәрбиелеуді мақсат тұттық.

Бүлдіршіндер сахнада көрсеткен «Майданға аттану» атты көрініс жүрек тебірентті. Балалар «Катюша» биін билеп, «Әрқашан күн сөнбесін» әнін шырқады, тақпақтар айтты. Отанын сүю, оны қорғауға дайын болу сияқты қасиеттерді балабақшадан қалыптастыруға күш салудамыз. Ертеңгілік тәрбиелік мәні зор шара болды.

Б.АБУБАКИРОВА,

«Балауса» бөбекжай-бақшасының хореографы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521