Онлайн соңғы қоңырау

Бұл ел тарихында білім саласындағы бұрын-соңды болмаған жағдай.

Міне, тағы бір оқу жылы аяқталып, еліміздің барлық мектептерінде соңғы қоңыраудың сыңғыры естілді. Бірақ, биылғы өткен соңғы қоңырау салтанаты жылдағыдан өзгеше ұйымдастырылды. Себебі, оқу жылының аяқталуына байланысты ұйымдастырылған мерекелік шара онлайн-режимде өтті.

Өткен жылдардағыдай оқушылар мен ұстаздар, ата-аналар бір-бірінің көтеріңкі көңіл күйін, қимастық сезімдерін жақыннан көре алмай, экранның бергі бетінде, қашықтықтан тамашалауға ғана мүмкіндік алды.

Бұл ел тарихында білім саласындағы бұрын-соңды болмаған жағдай. Мамырдың 25 жұлдызында ауданның барлық орта білім беретін мектептерінде соңғы қоңырау шарасы ZOOM платформасы, Telegram чаттар, WhatsApp әлеуметтік желілері арқылы өткізілді. Әр мектепте үздік оқушылар шеруі жасалып, белсенді оқушылар жөніндегі мәліметтер бейнеролик түрінде баяндалды.

Мектеп түлектері ұстаздарына деген алғысын әуезді ән мен арнау өлеңдер арқылы жеткізді. Мектептердің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында салтанатты шараның өту барысы жөніндегі мәліметтер, бейнeматериалдар жарияланды. Аудандық білім бөлімінің басшысы Айбарша Қақпанбаева барша ұстаздарды, ата-аналарды фейсбук желісі арқылы кезікті оқу жылының аяқталуымен құттықтады.

Биылғы білім беру саласына енгізілген өзгерістерге сәйкес, оқу жылының қашықтан оқыту форматында жалғасын тапқан төртінші тоқсаны да аяқталды. Жаңа форматтағы білім беру әдістерін ай жарым уақыт қолданған мектеп оқушылары да бүгінде тағы бір жылды артқа тастап, оқу жылын тәмамдады.

Ш.Хамитова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521