Оқушыларды жан-жақты дамытады

Еліміздегі білім беру сапасын арттыру, инфрақұрылымды жетілдіру және оқушылар үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында қолға алынған «Жайлы мектеп» жобасы білім саласындағы маңызды өзгерістердің бастамасы іспетті. Қанатқақты ұлттық жоба аясында жаңа мектептер салынып, біршама білім ошақтары өз жұмысын бастап та кетті. «Жайлы мектептердің» салынуы мен пайдалануға берілуі елдің білім жүйесіндегі ауқымды бастаманың бірі десек те болады.

Атырау қаласы Алмалы ауылдық округі Береке ауылындағы жаңа білім ошағы күн санап оқушылармен толығу үстінде. Бұрын балаларым бастауыш сыныптары жабдықталмаған, ескі ғимараттарда оқитын. Қазір осындай жаңа мектептің салынғанына қуанып отырмыз. Шынында, жоба басталғаннан бері оның құрылысын күнде сыртынан бақылап жүретінбіз. Балаларымды осы мектепке орналастыруды жоспарлап жүргенмін. Шүкір, арманыма жеттім, қазір олар осындағы ХІ, VI және мектепалды дайындық сыныптарында оқып жүр. Мұнда барлық қажетті жағдай жасалған.

Жедел басқару орталығына қосылған бейнебақылау камералары орнатылып, ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін кедергісіз орта қалыптастырылды. Бастауыш және жоғары сынып оқушылары үшін бөлек блоктар салынған.

Мектеп аумағы 2 жүгіру жолағымен, баскетбол, волейбол алаңдарымен, теннис кортымен, ойын және workout алаңдарымен жабдықталған. Мектеп ғимаратында 2 спорт зал, бастауыш және жоғары сынып оқушыларына арналған екі асхана, 260 орындық акт зал және кітапхана бар.
Сонымен қатар психолог, логопед, медициналық кабинеттерімен, заманауи үлгідегі оқу сыныптарымен, физика, химия зертханаларымен және STEM кабинеттерімен жарақталған.

Ішкі-сыртқы жұмыстың бәрі үйлесімді, келешекте бұдан да жақсара түсетініне сенімдімін. Балалардың жан-жақты дамуына мүмкіндік беретін осындай мектептің болғаны қуантады.

Айсұлу ҚАБЫШЕВА,

ата-ана

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT