Оқушылардың құқықтары қалпына келтірілді

Кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау прокуратура органдары қадағалауының басым бағыттарының бірі болып табылады.

Жылыой ауданының прокуратурасы жалпы білім беру ұйымдарының оқушылары үшін сабақтар арасындағы үзілістердің ұзақтығын реттейтін заңнаманың сақталуына талдау жүргізді.

Аудан мектептерінде үзілістердің ұзақтығы негізсіз қысқарғаны анықталды, бұл оқушылардың сабақтар арасында демалу құқығын шектеді.

Прокурорлық ден қою шараларымен аудандық Білім бөлімі 863 сынып үшін сабақ кестесін түзетіп, ауданның 20 жалпы білім беретін мектебінде 18 481 оқушының құқығын қалпына келтірді.

Жылыой ауданының прокуратурасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT