Атыраудағы NIS-те екі күндік «NIS Project Fest - 2025» жобалау-зерттеу жұмыстары халықаралық байқауы қорытындыланып, салтанатты жабылу рәсімі өтті.
Дәстүрлі халықаралық дода барысында екі күн бойы ерекше ғылыми бастамалар мен тың жобалардың куәсі болдық. Қаламыздағы озық оқу ордаларының үкілі үмітін арқалап келген оқушылар оқ бойы озық шығуға тырысып, өз мүмкіншіліктерін максималды түрде пайдалана білді. Нәтижесінде бағы мен бабы қатар шапқан бір топ оқушылар үздіктер қатарынан көрініп, жүлдегер атанды.
Бұл жарысқа қатысқан әр оқушы болашақ Қаныш Сатпаев, Шоқан Уәлиханов, Зәки Ахметов, Ахмет Байтұрсынов пен Әл-Фарабилердің жұрнағы іспетті. Бәлкім, бұл жеңімпаздарарасынан да болашақ Нобель сыйлығының иегерлерішығып қалар?! Бәрі де болашақ еншісінде. Ал, алғашқықадамдары дәл осы халықаралық байқаудан бастау алғанынақуаныштымыз.
Айта кетейік, екі күн бойы алтын уақыттарын бөліп, қатысушылардың еңбектерін асықпай тыңдап, саралап, әділбағалауда әділ қазылар алқасының еңбегі зор. Алдыменоларға мектеп атынан арнайы алғыс хаттар табысталды.
Кейін, постер-сессияны қорғау бойынша түрлі номинациялар иеленген оқушылар сахна төріне шақырылды. Одан әрі қазақ тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, орыс тілі мен әдебиеті, математика, STEM, физика, химия, тарих, биология секциялары бойынша жүлделі 3, 2, 1-орын алған оқушылар арнайы дипломдармен марапатталды.
Жас ғалымдарға сан ғасырды қамтитын қазақ ғылымындамыту жолына басқан қадамдары сәтті болуын тілектеміз!