Нәтижелі акция

Ұсыныс-пікірлер бойынша жұмыстар кең көлемде жүргізілуде

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың бастамасымен сайлау науқаны кезінде жүзеге асырылған «Бірге» жалпыұлттық акциясы аясында Жылыой ауданы тұрғындарынан 4154 ұсыныс-пікір жинақталған. Оның ішінде білім саласына қатысты 293 ұсыныс болды. Бұл ұсыныстар жан-жақты зерделеніп, тиісті шаралар алынуда. Әлі де болса ұсыныс-пікірлер бойынша жұмыстар кең көлемде жүргізілуде.

Білім саласы бойынша берілген жоспарға сай шаралар өткізді. Соның ішінде: «Жас техниктер станциясы» клуб мүшелері мен мектеп оқушыларының арасындағы «Ерікті туынды-2019» тақырыбындағы конкурс №21 мектеп базасында өтті. Аталған шарада «Қазақтың ұлттық бұйымдары», «Су моншақтан жасалған бұйымдар», «Тоқыма бұйымдар», «Қағазбен жұмыс» квилинг, «Ағашты, сүйекті көркемдеп өңдеу» көлемді және тегіс кесу, рельеф, безендіру, ағашты сәндеп жазу, ток көзімен қозғалушы денелер құрастыру, жүргізу өнерлері бойынша тәнті қылып, қоршаған орта мен қоғамға өз үлесін қоса алатын оқушылар анықталып, жеңімпаздар марапатталды.

№7 Е.Халықов атындағы жалпы орта білім беретін мектепте «Құлақтан үнің кетпестей, сыңғырла, соңғы қоңырау!» тақырыбымен соңғы қоңырау салтанаты өтті. Бұл шарада 1000 қатысушы болып, жылдар бойынша жинақталған түлектер жетістігі, үздіктерді мадақтау арқылы мотивация беру, оқушылардың келесі оқу жылына қызығушылығын арттырып, түлектерге тұлға болып қалыптасуына тілектер айтылды.

Махамбет ауданында өткен форумға әр мектептен және балабақшадан 3 қызметші ерікті түрде шығып, 123-і қатысып келді.

«Аққайың» балабақшасында және балабақшалар арасында «Әкем, шешем және мен» тақырыбында отбасылық сайыстар өтіп, бағалы сыйлықтармен марапатталды. №8 мектеп базасында «Дені саудың – жаны сау» тақырыбында мұғалімдер арасында волейболдан спартакиада ұйымдастырылды.

Колледждермен бірлесе отырып, «Мамандық – болашақ кепілі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Бұл шарада 50-ден астам түлек өз пікірлерін айтып, мамандармен кездесті. Келешекке жол, бағыт-бағдар көрсеткен атаулы шаралардың бірегейі болды.

Жылыой аудандық білім бөлімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521