Мұғалім мамандар қызметке кірісті

Ауданның білім сапасын көтеру үшін, ең алдымен, мұғалімдер жетіспеушілігі мәселесін толыққанды шешу керек. Бұл проблема өңірде әлі де өткір тұр. Сондықтан білім бөлімі басшылығы аудан әкімдігімен бірлесіп, осы мақсатта көптеген жұмыстар жүргізді. 

Өткен аудандық тамыз кеңесінде белгілі болғанындай, күні бүгін орта білім беретін мектепте 1771, мектепке дейінгі мекемелерде 555, қосымша білім беру ұйымдарында 134, барлығы ауданда 2460 педагог еңбек етеді. 2024-2025 оқу жылында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің №57 бұйрығына сәйкес конкурс негізінде 93 маман жұмысқа қабылданды. Соның ішінде «Дипломмен - ауылға» бағдарламасы бойынша 18 жас мұғалім келді.

Десек те, білім беру ұйымдарына әлі де 71 оқытушы жетіспейді. Бұл әсіресе орыс кластарында анық байқалып отыр. Мәселені шешу мақсатында Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің және еліміздің басқа да жоғары оқу орындары ұйымдастырған мамандар жәрмеңкесіне қатысып, жас мамандарды ауданға қызметке тарту шаралары жүргізіліп отыр.

Е.БИСЕКЕНҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT