«МЕН ЖАСТАРҒА СЕНЕМІН!»

Ол жаңа қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі.

25 маусым- қазақ зияларының көрнекті өкілі, талантты ақын Мағжан Жұмабаевтың туған күні. Ол жаңа қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі.

Мағжанның өмірі елін сүйген әрбір ер сияқты қиындыққа, Алаштың азаттығы жолындағы азапқа толы. Мағжан алғашқы білімді әкесінің үйінде алды. Төрт жасында ол филология әлеміне саяхатын бастады. Жастайынан араб, парсы және түрік тілдерін оқып үйренді, шығыс әдебиетінің жауһарларымен танысты. Ақын өз шығармаларында тарихқа жүгінеді, ал өлеңдерінде ұлттық мотивтер мен азаттық күреске шақырады. Өзі шексіз сүйген қазақ елінің дамыған ел болғанын көксейді. Автордың көптеген туындылары қазақ әйелдерінің қиын тағдырын жеткізді. Жұмабаев сонымен қатар қазақ халқына жалпыға бірдей білім беру қажеттілігі туралы жазды, ұлтын ағартушылық пен білімге шақырды.

Жас ақын өзінің білімге деген сүйіспеншілігімен Шоқан Уалихановқа ұқсайтын. Мұғалімдер оны өте жақсы көретін және барлық жағынан көмектесетін. Міржақып Дулатов Мағжанға орыс тілін үйренуге көмектеседі. Осылай қазақ ақыны орыс және еуропа классиктерінің шығармаларымен танысады. Мағжан журналистикаға бет бұрды- «Қазақ» газетінде мақалалар жазып, өлеңдер жариялады. Осылайша ол қазақ халқының ұлттық саналы өкілдерін біріктірген «Алаш» қозғаласына қосылады. Жаңа қазақ әдебиетінің негізін қалаушының поэтиқалық мұрасы уақыт сынынан өтіп, көркемдік кұндылығын дәлелдеді.

Жанат ОРЫСБАЙҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521