Мектептерде заңсыз ақша жинаған 2 дерекке тосқауыл қойылды

 БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДІКТЕРІНЕ ЖҮРГІЗІЛГЕН ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ НЕ КӨРСЕТТІ?

Биыл “Атырау адалдық алаңы” кеңсесіне білім беру саласындағы оқылықтар жөнінде шағымданғандар аз емес. Оған қоса әлеуметтік желідегі арыздар жетіп артады.

Жобалық кеңсемен жүргізілген зерделеу жұмыстары шағымдардың басым бөлігі мектептерде ақша жинау бойынша. Бір-бірімен келісе алмаған кейбір ата-аналар “Антикорға” келіп шағымданды. Биылдың өзінде бұл мәселеге байланысты 3 мектеп ұжымы және ата-аналармен үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, заңсыз ақша жинау бойынша 2 фактіге тосқауыл қойылды. 2019 жылы бұл факті бойынша жобалық кеңсемен 70-ке жуық мәселе қаралып, қала және ауданның барлық мектептерінде ақпараттық насихаттау жүргізілді. Ал 2020 жылы шағымданушылар саны мүлдем азайған болатын.

Сонымен қатар, әлеуметтік желіде мұғалімдердің біліктілік санаттарын алу бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдіктері бар деген ақпарат таратылған болатын. Осыған орай атыраулық белгілі блогерлердің көмегімен, тұрғындар арасында бұл тақырыпта онлайн сауалнама жүргізіліп, нәтижесінде 118 тұрғын, оның ішінде анонимді түрде 72 мұғалім, біліктілікті алу санатын алу кезінде парақорлықтың болатындығын жасырмады.

Бұл мәселеге байланысты, өткен аптада Атырау облысы әкімі Махамбет Жолдасқалиұлының “Өңірде сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне талдау” бағытында өткен өңірлік комиссиясында “Атырау Адалдық алаңы” жобалық кеңсе жетекшісі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөнінде облыс әкімінің штаттан тыс кеңесшісі Альфия Адиева аталған мәселелерді көтеріп, төмендегідей ұсыныстарды жолдады:

 «Атырау Адалдық алаңы» жобалық кеңсесімен Атырау облыстық білім беру басқармасына мектеп мұғалімдері мен ата-аналары арасында заңсыз ақша жинау фактілерін болдырмау мақсатында үгіт-насихат жұмыстарын қайта күшейтуді және қамқоршылық кеңес жұмысын жандандыру;

Білім беру басқармасында мұғалімдердің біліктілік арттыру санатын беру комиссиясы құрамына қоғам белсенділерін бақылаушы ретінде енгізу: Атырау облысы әкімі Махамбет Жолдасқалиұлы аталған ұсыныстарды орындау жөнінде Атырау облысы білім беру басқармасына тапсырма берді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521