Қазіргі таңда білім беру ұйымдары алдындатұрған маңызды міндеттердің бірі – мектепішіндегі буллингтің алдын алу және оған қарсытиімді іс-шаралар ұйымдастыру. Осы бағыттаФинляндияда әзірленген KiVa бағдарламасы өзнәтижелілігін дәлелдеген әлемдіктәжірибелердің бірі ретінде кеңінен танылыпотыр.
KiVa бағдарламасы – Финляндияның Турку Университетінде Финляндия Білім және Мәдениетминистрлігінің қолдауымен әзірленген ғылыминегізделген буллингке қарсы кешенді бағдарлама. Бұл бағдарлама әлемнің көптеген елдеріндетабысты қолданыс тауып, мектеп оқушыларыарасындағы қатынастарды жақсартуға, агрессия деңгейін төмендетуге бағытталған. Бағдарламаныңнегізгі бағыттары:
Біздің мектебімізде KiVa бағдарламасы бір оқужылы көлемінде жүзеге асырылып келеді. Осы уақыт ішінде мектеп қауымдастығы – әкімшілік, педагогтер, тәрбиешілер мен ата-аналар бірлесіп, ауқымды жұмыс атқарды.
Бағдарлама аясында мектепте арнайы KiVaкомандасы құрылды. Команда құрамына пәнмұғалімдері мен жатақхана тәрбиешілері кіріп, арнайы оқытудан өтті. Команда мүшелері күнсайын кезекшілікке шығып, арнайы кеудешесінкиіп, мектеп ішін аралап, оқушылармен ашықсөйлесіп, сенімді орта қалыптастыруға ықпал етті. Нәтижесінде оқушылар тарапынан көмек сұрау, ашық пікір айту, қиын жағдайды жасырып қалмаужиілей түсті.
Оқушыларға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, сенім ортасы орнатылғаннан кейін, буллингке тап болған кейбір оқушылар команда мүшелерінекөмекке жүгіне бастады. Бұл жағдайлардабағдарламада ұсынылған нақты әрекет алгоритмібойынша оқушыға жедел және жасырын көмеккөрсетілді. Бұл тәсіл буллинг жағдайын ертеанықтап, тиімді әрі ыңғайлы жолмен шешугемүмкіндік берді.
Сабақ барысында оқушылар арасында түрлітренингтер, рөлдік ойындар ұйымдастырылып, мейірімділік пен жауапкершілікке негізделгенқарым-қатынас мәдениеті қалыптасты. Балаларөзара тәжірибе алмасып, бір-біріне қолдаубілдірудің маңызын терең түсіне бастады.
Жалпы алғанда, KiVa бағдарламасыныңмектепке енгізілуі оқушылар арасындағы қарым-қатынасты нығайтып, буллинг фактілерін азайтуғаүлкен әсерін тигізді. Бағдарлама аясында жасалғанжұмыстардың оң нәтижелері бұл бастаманы оданәрі жалғастырып, кеңейту қажеттігін көрсетіп отыр.
Лаура ШАМШИЕВА,
Атыраудағы NIS педагог-психологы, KiVa бағдарламасының аймақтық тренері