Мектепте өткен онкүндік

Жоғары сынып оқушылары арасында өткен дебатта оқушылар адамгершілік қасиеті түсінді.

№17 мектепте өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Тұрсын Дүйісбаеваның ұйымдастыруымен онкүндік өтті. Ол «Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» деп аталды. Осы онкүндікте «Алтын жүрек анамыз» тақырыбында «Өзін-өзі тану» бағдарламасының авторы С.Назарбаеваның қызметі туралы айтылып, автордың жазған кітаптарымен қатар қазақстандық және әлемдік ойшылдардың, педагог-гуманистердің ғылыми туындыларының көрмесі өтті.

Жоғары сынып оқушылары арасында өткен дебатта оқушылар адамгершілік қасиетінің жоғары тұруы керектігін түсінді. Балалардың қолдан жасаған бұйымдары көрмеге қойылып, эссе конкурсы өткізілді. «Ән - көңілдің ажары» атты балалар арасындағы ән фестивалінен, «Мейірім төккен анамыз», «Мейірімділік – асыл қасиет», «Өнеге отбасынан», «Балаға жүрек жылуы» тақырыптарында өткен сабақтардан педагогикалық ізденістерді байқадық. «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімі А.Аманқұлованың «Мейірімділік-жүректе» атты тренинг сабағында балалар мейірімділік пен жанашырлық туралы өз ойларын өте жақсы айта алды.

«Сүйіспеншілікпен өмір сүру» тақырыбында оқушылардың әлеуметтік жобаларының презентациялары өткізілді. «Қайырымдылық – жер бетінде» тақырыбында флешмоб ұйымдастырылды. «Бәрі де сүйіспеншілікпен басталады» концертінде 9-сынып оқушыларының белсенділер топтары флешмоб ұйымдастырып, биледі.

Заман талабына сай өнерлі балалардың қызықты және тартымды көрермен куә болды. Осы флешмоб туралы бейнероликтер түсірілді. Балалар театрландырылған қойылымдар қойды. 6 «г» сынып оқушылары да «Мейірімділік» тақырыбында сахналық қойылым көрсетіп, қарт адамның жақындарынан жылу көрмеуі және балаларының тасжүректігін бейнелеп көрсетті.

Ж.Шаңқанова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521