«МЕКТЕПКЕ ОРАМАЛ ТАҒЫП КЕЛУГЕ РҰҚСАТ ЖОҚ...»

Оқушылардың сапалы білім алуы, олардың тәрбиесі мен қауіпсіздігі басты назарда болады. Ауданға 197 мұғалім керек, әсіресе, математика мен орыс тілі пәндеріне білімді педагогтар қажет. Осы орайда жас мұғалімдерді жұмысқа тартпай отырған мектеп директорларына шүйліккен аудандық білім бөлімінің басшысы Айбарша Қақпанбаева «жақсы көретін» мұғалімдеріне сағатты көбірек қоюы үшін жас мамандарды жұмысқа алмаудың түрлі қитұрқы жолдарын қарастыратын білім ордасы басшыларына қатаң ескерту жасады.

Бұл – қаладағы №8 мектептің акт залында «Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт» тақырыбында жақында өткен дәстүрлі тамыз кеңесі конференциясында көтерілген мәселе. Онда алғашқы сөз алған аудандық білім бөлімінің басшысы Айбарша Мэлсқызы, педагогтарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады. Сонымен қатар биылғы білім саласындағы атқарылған бірқатар жұмыстарға тоқталып өтті. Жақсы қызмет атқарған ұстаздарды мадақтап, жеткен жетістіктерді атады. Жаңа 2023-2024 оқу жылында қойылған мақсаттар қарастырылып, білім саласының проблемалары талқыланды.

Иә, жыл сайын тамыз айының соңғы аптасында педагог қауымы осылай бас қосып, өткен оқу жылын қорытындылап, жаңа оқу жылындағы дайындықтарын пысықтайтыны анық.

-Жалпы әр директор алдына келген оқушы болсын, қызметкері немесе ата-ана болсын, барлығымен дұрыс сөйлесіп, мәселені бірден шешіп отыруы тиіс. Қыз балалардың мектепке орамал тағып келуіне рұқсат етілмеген, сондықтан әрбір мектептің директоры мен сынып жетекшілеріне осы мәселеге қатаң қарауды тапсырамын,- деген Айбарша Мэлсқызы аудандық білім бөлімінде болып жатқан кадрлық өзгерістерге де тоқталып, жаңадан жұмысқа кірісіп жатқан әдіскерлерді таныстырды.

Сондай-ақ конференцияда Гүлжансара Таңатарова, Зина Тұрсыналиева, Мәншүк Иманқұлова, Қанағат Төлемісов, Жазира Ихсановалар баяндама жасап, аудандағы білім беру жүйесі, ұстаздардың біліктілігін арттыру, оқушыларға жаңартылған мазмұнда білім беру жайында біраз әңгімені тарқатып айтты.

Перизат ТҮРКЕНБАЙҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Әлеуметтік желілеріміз