Биылғы жылы аудандағы 20 мектепті барлығы 718 түлек бітірді. 2021-2022 оқу жылында аудан бойынша 26 Алтын белгі, 16 Үздік аттестат иегерлері болды. Ауданымызда Ұлттық біріңғай тестілеудің бірінші кезеңіне 626 оқушы қатысып, екінші кезеңінде 601 түлек бақ сынады. Нәтижесінде, 51,3 % білім деңгейін көрсетті.
Ұлттық біріңғай тестілеуге қатысқан мектеп түлектері межелі баллдарын жинап шықты. ҰБТ қорытындысы бойынша, аудан үздіктері мен Алтын белгі иелері өз көрсеткіштерін қорғады. Барша тестілеуге қатысып шекті ұпайды жинаған мектеп түлектері жоғары оқу орны мен колледждерге қалаған мамандықтары бойынша грант, ақылы негізде оқуға қабылданды. Оның ішінде бағы мен бабы қатар шапқан 150 оқушы мемлекеттік грант иегері атанды.
Биыл елімізде ЖОО-ға грант саны 61 мыңға дейін көбейді. Ал арнаулы орта білім алған қазақстандық қыз-жігіттер колледждерге оқуға 125 мың грант алды. Осылайша грант иегерлерінің биылғы саны былтырғымен салыстырғанда 45 мыңға артты. Бұл рекордты көрсеткіш! Еліміз бойынша 2021-2022 жылы барлығы 154 мың түлек мектеп бітірсе, соның шамамен 70 пайызы жоғары оқу орнына түсті. Оның ішінде, еліміздегі ірі оқу орындарынан бөлек шетелден білім алуға кеткен түлектер де бар. Соның ішінде колледждерге барлығы 183 мың адам оқуға түссе, жоғары оқу орындарына 152 мыңнан астам талапкер қабылданған. Бұл былтырғы көрсеткішке қарағанда 4,6 пайызға төмен.
Грант негізінде оқуға қабылданған білімгерлердің таңдау бағыты- техникалық. Әсіресе, қоғамда тапшы маман иелеріне мемлекеттен грант көбірек берілген. Оның ішінде биылғы жылы 3 мамандыққа грант көп берілді. Олар: педагогика, ІТ және техникалық білім салалары. ІТ бойынша биыл грант екі есеге артты. Өткен жылы да осы үш бағытқа грантқа түсуге мүмкіндіктер көп болған. Енді ағымдағы жылы да осы бағыттарды білім министрлігі қолдайтыны белгілі. Мемлекет ең алдымен еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарға және сол бойынша кадрларды дайындауға қаржы бөледі. Оның ішінде геология, мал дәрігері, агроинженер, ауыл шаруашылығы мамандары және құрылысшыларға деген үлкен сұраныс бар. Сол себепті мамандық таңдағанда қателеспей, қоғамға қажетті мамандықтарды таңдау қажет. Грант иегері атанғысы келетін адам қалауда қателеспегені жөн. Себебі грант университетке емес үміткерлерге беріледі. Сондағы үміткерлердің таңдауына қарай бергіленеді. Биылғы жылы, «ақпараттық технологиялар» мамандығына 2468 грант, «қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша 2147 грант бөлінді. Ал педагогикаға 8 мыңнан астам грант бөлінді. Олардың ішінде ең көбісі мектепке дейінгі оқыту және даярлау, шет тілі пәні мұғалімдерін даярлау, химия пәні мұғалімдерін даярлау, физика, бастауыш, математика, дене шынықтыру, алғашқы әскери дайындық, билология пәндері бойынша грант ұтып алуға мүмкіндік көп. Сол себепті жас түлектерге үлкен мүмкіндіктерге ие болу үшін, мамандықтарды дұрыс таңдап,қалеспеуге кеңес береміз.
А.Таубаева