Ұлттық рух - ұрпақ санасында

Республика күніне орай аудандағы №1 мектепте “Егемен елдің еңсесі биік” атты шара өтті.

Мақсаты оқушыларға Қазақстан Республикасының қалыптасу тарихы мен маңызын түсіндіру, елдің тәуелсіздігі мен бірлігіне деген кұрмет сезімін арттыру, оқушыларды отансүйгіштікке, ұлттық мақтанышқа, азаматтық жауапкершілікке тәрбиелеу еді.

Ел байрағы ұлықталып, әнұранымызбен ашылған іс-шарада мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айнаш Байғабылова сөз сөйлеп, баршаны мерекемен құттықтады. Білім ордасына енді ғана аяқ басқан мектепалды даярлық “В”, “Г” сыныбының кішкентай оқушылары Аян Серік, Шахназ Салық, Әли Иатай, Айғаным Таңатқызы, Інжу Шымырбай, Кәусар Ермекқызы, Назар Абаттар тебірене Отан, туған жер туралы тақпақ айтса, Данияр Темірбек, Ибрахим Нұржан, Хан-Сұлтан Қанапия, Аян Серік, Бағдан Берқалиев, Мұхаммад Инус, Нұр-Ахмет Мырзахмет, Қанағат Төлегендер қазақ биін нақышына келтіре орындады.

Осынау оқушыларды шараға дайындаған мектепалды тәрбиеленушілерінің жетекшісі Марал Кульчикованың миссиясы - еліміздің тұтқасын ұстар болашақ ұрпақтың бойына қазірден бастап патриоттық сезім ұялату еді. Көпшілік жас балғындарға ризашылықпен ду қол соқты. Сондай-ақ білім ордасының жоғары сынып оқушылары айтулы күн туралы тұшымды әңгімелер айтып, ән мен жырдан төгілтті. Қатысушылармен қатар көрермендердің де жүрегін тебіренткен әдемі шара осылайша жоғары деңгейде өтіп, жүректерге ұмытылмас әсер қалдырды.

Ш.Хамитова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT