Ұлттық құндылық – ұрпақ жадына

Жақында «Балапан» бөбекжай бақшасында ата-аналар мен тәрбиеленуші бүлдіршіндердің қатысуымен «Жапырақ тамырдан нәр алады» атты зияткерлік ойыны өтті. Бұл тәрбиенің ең тамаша жері - отбасы екенін, олардың бала тәрбиесіндегі мүмкіндігінің жоғары екендігін және бүгінгі заман талабынан шығатынын дәлелдеу мақсатында өткен зияткерлік ойын болды. Онда ұлттық құндылықтарды насихаттау барысында ұйымдастырылған шараның куәсі болдық. Тәрбиеші Айнагүл Әбілханқызы отбасы тәрбиесінде ата-ананың балаға деген тәрбиелік ықпалын арттырып, ерекшелігін ашып көрсетті.

Ұрпақ тәрбиесінде ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында, яғни жүрек пен ақыл арқылы тәрбиелеудің маңызын ашты. Ол бүлдіршінді ұлттық тәрбие беру арқылы дамыта отырып, нақты әрекетке үйретуде екен. Шарада бала болашағының негізі ұлттық тәрбиеде екені айқындалды. Бұл ретте «Балапан» бөбекжай бақшасының меңгерушісі К.Меңдіқұлова, әдіскер А.Тоғызбаева және де «Құлыншақ» мектепалды даярлық тобының тәрбиешілері А.Ақболатова, А.Жөкешова, тәрбиешінің көмекшісі А.Ашықбаеваға алғысымызды айтып, еңбектеріне шығармашылық табыс тілейміз.

«Құлыншақ» мектепалды даярлық тобының ата-аналары

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT