Ұлттық бірыңғай тестілеу: Атырауда 277 оқушы қатысты

Оған облысымыздан 277 оқушы қатысты, деп хабарлайды Атырау облысы Білім беру басқармасының баспасөз қызметі. Тест өткізу форматы тек электронды форматта ұйымдастырылды.

«Бір тестіленуші, бір компьютер, бір камера» принципі бойынша өтуде. «Тестілеу санитарлық талаптарға сай өтеді. Сондай-ақ, орталықтарда медициналық пункттер жұмыс істейді. Түлектер тестке маска киіп, дене қызуын өлшетіп кіреді. Ұлттық бірыңғай тестілеу барысын онлайн-трансляция арқылы көруге болады. ҰБТ тапсыру пункттерінде қауіпсіздік шаралары күшейтілді, атап айтсақ санитайзерлер, тепловизор, бактерицидті шамдар, пайдаланған маскаларға урналар, әлеуметтік қашықты сақтау үшін кіреберістің алдында және ғимарат ішінде белгілеу қамтылған», деді Ұлттық тестілеу орталығы Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетіндегі филиал басшысы Есенжол Мұхамбетәлиев. ҰБТ екі ауысымда ұйымдастырылады. Мамыр-маусым айы аралығында талапкерлердің грантқа екі рет тапсыруға мүмкіндігі бар. Екі рет тапсырған балл нәтижесіне қарап, ең жоғары сертификатымен оқуға құжаттар тапсыра алады. ҰБТ пункттері Атырау және Құлсары қалаларында, сондай-ақ, Құрманғазы ауданында орналасқан.

ҰБТ өту мерзімі: 6 мамыр және 30 маусым аралығы

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

logo1

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

 

Яндекс.Метрика