«LMS Mektep» жүйесі облыс бойынша Жылыойда іске қосылды

Бүгін М.Сатыбалдиев атындағы орта мектепте Kazakh Institute of Skiils Development негізін қалаушы әрі директорымен оқушылар арасында кездесу-семинар болып өтті.

Кездесуге аудандық білім беру бөлімінің басшысы А.Қақпанбаева, Атырау облыстық әдістемелік орталығының директорының орынбасары Ө.Асылбекұлы және жаңа жобаның негізін қалаушы Қнгарбаев қатысты. Келелі кездесуде білім беру сапасының жаңа бағытын айшықтайтын «LMS  Mektep» жүйесі іске қосылды. Меңдекеш Сатыбалдиев атындағы орта мектептің түлегі, Kazakh Institute of Skiils Development негігін қалаушы Қанат Ламанұлы алғашқылардың бірі болып облыс бойынша Жылыой ауданындығы №18 мектепке жаңа жүйені сыйға тартты.

Семинарда алғашқы сөзді аудандық білім бөлімінің басшысы Айбарша Қақпанбаева алып, барша семинарға қатысушыларға кездесудің мақсат-міндеттері мен жаңа жүйені түсіндірді.

-Ауданымыздағы іргелі білім беру ордасында  білім алушыларымыздың жаһандану дәуірінде қарқынды да жаңа қырын ашуға мүмкіндік беретін жаңа технологиялар мен цифрландырудың айқын көрінісі «LMS  Mektep» жүйесі орнатылды. Бұл жүйенің басты мақсаты - білім алушылардың оқу бағытын жеңілдету. Цифрлық жүйеге өту болып табылады. Бұл жобаны алғашқы болып облыс бойынша Жылыойда, оның ішінде өзі оқыған мектепке сыйға тартып жатқан мектеп түлегіне  білім бөлімі атынан, ауданның оқытушылары мен оқушылары атынан алғыс білдіреміз,-деді білім бөлімінің басшысы А.Қақпанбаева

Бұдан соң   ҚР «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасында белгіленген міндеттерге сәйкес,сапалы білім алуға қолжетілімдікті кеңейтетін мүмкіндіктерге ие «LMS  Mektep» жүйесі таныстырылды.  Заманауи талаптар негізінде дайындалған «LMS  Mektep» жүйесі оқушылардың білімін бақылау процесін жеңілдетуге, электронды материалдар мен кітаптарды пайдалану деңгейін бақылауды оңтайландыруға және оқушылардың тестілеуге дайындықтарының сапасын арттыруға бағытталған. Сондай-ақ мектеп бағдарламасына сай барлық оқулыққа және қосымша электрондық кітапханаға тегін қол жеткізу мүмкіндігі қарастырылған. Бұл жүйенің ерекшелігі мен артықшылығын Kazakh Institute of Skiils Development компаниясының директоры Қанат Онгарбаев айтып өтті.

-LMS  Mektep» жүйесінің артықшылықтары арқылы біз мемлекеттік білім беру саясатындағы маңызды стратегиялық бағыттарды жүзеге асыра аламыз.  Атап айтсақ, бұл жүйе қалалық және ауылдық мектептер арасындағы оқыту сапасындағы алшақтықты қысқарту, мектептерде қауіпсіз әрі жайлы білім беру ортасын құруға арналған. Жүйенің ерекшелігі- кітаптың орнына онлайн оқулықты қолдану, яғни сандық жүйеге өтуіміз. Ол 9-11 сынып оқушгыларына арналған. Мұнда кез-келген пән оқулықтары енгізілген. Әр тақырыпта тест сұрақтары бар. Бұл алдағы уақытта ҰБТ-ға қажет болады. 2024 жылға дейінгі база енгізілген. Кітаптарды да  жүйе арқылы осы жерден пайдалануға болады. Бірақ бұл онлайн платформаны неше сағат оқығаныңыз немесе тек ашып қойып оқымағаныңыз барлығы көрініп тұрады. Мұғалімдер барлығын қадағалап отыра алады. Оқу саласы жалпы Қазақстан бойынша цифрлы жүйеге көшіп осы платформаға ауысады. Ал қазір облыс бойынша алғашқы болып сіздердің мектептеріңізге сыйға тартып жатырмыз,-деді Қанат Ламанұлы

Аталмыш платформа Атырау облысы бойынша алғаш рет Жылыой ауданында жүзеге асуда. Бұл әлеуметтік платформаны кез-келген уақытта пайдалануға болады. ІТ шешімімен жүзеге асқан жаңа жүйе облыс бойынша әлі іске қосылмаған. Алғашқы болып №18 мектептің оқушылары пайдалана алады. Бұл оқушылар үшін де, оқытушылар үшін де үлкен мүмкіндік. Өйткені оқушылар әр тақырып бойынша тест тапсырып, ҰБТ-ға дайындалуға мүмкіндіктері жоғары. Тіпті мұғаліммен бірлесе отырып тест тапсырмаларын орындауға да болады.

Білім беру мекемелері үшін жүзеге асқан жаңа жобадан алдағы уақытта ұстаздардың күтері көп. Өйткені платформаны жетік меңгеріп, үнемі пайдаланған оқушылар үшін ұлттық бірыңғай тестілеуде де, жоғары оқу орнына грантқа оқуға түсуде де оңай болмақ.

 

А.Таубаева

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521