Лицейде өткен тәрбиешілер күні

Оқушылар тәрбиешілерін қошемет дәлізімен күтіп алды

Тәрбиеші болу – айтуға ғана оңай шаруа болғанымен, бұл мамандықтың қоғам үшін қаншалықты маңызы барлығын сол кәсіпті таңдағандар, осы жолда еңбек етіп, тер төгіп  жүрген жандар ғана түсінеді. Бір мезетте  алдындағы жиырма –жиырма бес балаға қарау, көңіл бөлу,  олармен тілдесу, ішкі жан-дүниесіне үңіле білу, туған ағасындай сырласу –  тек сырт көзге ғана оңай жұмыс.

Өткен аптада дарынды балаларға арналған Жылыой лицей-интернатында Тәрбиешілер күні атап өтілді. Лицейде білім алып жатқан оқушылар өздеріне қарайтын 10 тәрбиеші ағайларына сол күні ерекше құрмет көрсетті. Өзін-өзі басқару ұйымының басшылығымен ұйымдастырылған таңғы ас, Kino Time, мерекелік кеш өте жақсы деңгейде өтті.

Лицей директоры Сәкен Талдахметов өз сөзінде жас ұрпақты мейіріммен еңбекке баулу, Отанға, ана тілге деген махаббатын нығайта отырып, оларға тура бағыт-бағдар беруде тәрбиеші ағайлардың еңбегі ерекше екенін атап өтті. Тәрбиешілерін қошемет дәлізімен күтіп алған лицей оқушыларының сол күнгі ән-жыры, ерекше қойылымдары барша көрерменнің көңілдерінен шықты.

Ж.Шаңқанова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521