Қоршаған ортаны қорғау

«Еркем-ай» бөбекжай-бақшасында «Мектепке дейінгі балаларға экологиялық тәрбие беру» атты балабақшаішілік семинар өткізілді. Мектепке дейінгі жастағы балаларға қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік пен қамқорлық сезімін қалыптастыру, табиғатты аялауға, табиғи ресурстарды үнемдеуге тәрбиелеу және педагогтердің экологиялық тәрбие беру бағытындағы тәжірибе алмасуын ұйымдастыру іс-шараның басты мақсаты болып табылды.

Семинарды балабақша меңгерушісі А.Ж.Дарибаева ашып, экологиялық тәрбиенің маңыздылығы мен өзектілігіне тоқталды. Ол өз сөзінде қазіргі заман талабына сай мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында экологиялық білім мен тәрбие жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуі тиіс екенін атап өтті. Педагогтер экологиялық бағыттағы жұмыстар бойынша баяндамалар жасап, ашық ұйымдастырылған оқу қызметтері көрсетілді, тәжірибелік жұмыстар ұсынып, шеберлік сағаттары, фото-көрме мен бейнероликтер арқылы экологиялық тәрбиенің түрлі әдістері көрсетілді. Атап айтқанда, тәрбиеші А.Масақбаева «Балалардың экологиялық білімдерін қалыптастыру: жолдары және түрлері» тақырыбында атты баяндама оқыды. Тәрбиеші Ф.Казбаева «Мектепке дейінгі ұйымда заттық дамытушы ортаны экологияландыру» тақырыбы туралы мағлұмат беріп, қоршаған ортаны қорғау жолдарын талқылады.

Семинар аясында "Үздік табиғат бұрышы" тақырыбында топтар арасында сайыс ұйымдастырылды. Бұл байқауда әр топ өзінің табиғи материалдардан безендірілген балалардың қолөнер жұмыстары мен өсімдіктер орналасқан бұрыштарын таныстырды. Топтардың шығармашылық ізденістері, тәрбиешілер мен ата-аналардың белсенділігі ескерілді. Сайыс нәтижесі бойынша "Бәйтерек" тобы I орын, "Ақбота" тобы II орын, "Звездочки" тобы III орын иеленді. 

«Еркетай», «Күншуақ», «Тәй-тәй» топтары алғыс хаттармен, «Айгөлек», «Құлыншақ» топтары «Ойындардағы экология» және «Тірі табиғаттың жасыл аралы» номинациясымен, «Алақай», «Балауса», «Бүлдіршін» топтары сертификаттармен және барлық топтар естелік сыйлықтармен марапатталды. 

Семинар педагогтерге тәжірибе алмасуға, экологиялық тәрбие беру жолдарын жетілдіруге үлкен мүмкіндік берді. Осындай іс-шаралар балалардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін қалыптастырып, ұжымның шығармашылық ынтымақтастығын арттырады.

 Э.Әбілхайырова,

әдіскер

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT