Колледждегі кездесу

Жеңіс мерекесінде «Мед-Профи колледж» студенттері тыл ардагерлерімен кездесті.

Бүгінгі ұрпақ соғыстан оралмаған боздақтар туралы, үшбұрышты, төртбұрышты майдангер хаттары туралы кітаптардан оқып, соғыс туралы кинофильмдерден, деректі фильмдерден ғана көріп өсті. Қан майданның төрінде жаумен жанын қия айқасқан батыр ағаларымыз бен апаларымызды, тылда аянбай еңбек еткен аталарымыз мен әжелерімізді құрметпен еске аламыз, рухына бас иеміз!

Солардың бірі - Ұлы Отан соғысы кезінде бала болса да еңбекке ерте араласып, қиындыққа мойымай, жеңістің әр күнін жақындатуға үлес қосқан, тыл ардагері Қоғабай Молдағалиұлы. Колледж студенттері Жылыой ауданының құрметті азаматы, "Халық ағарту ісінің үздігі" төсбелгісінің иегері, ұлағатты ұстаз, зейнеткер Қоғабай ағаймен кездесу өткізді.

Кездесуде ардагер ата сол жылдардағы қанды қырғынның қасіретін өз көзімен көріп-өскенін баяндады. Жастар ардагердің естелік әңгімесін зор ынтамен тыңдады. Жеңістің қаншалықты қиындықпен келгенін сезінді. Олар әсерлі әңгімесі үшін тыл ардагеріне алғыстарын айтты.

Б.НҰРБЕРГЕНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521