Кітап – алтын қазына

Құлсарыдағы №2 қалалық кітапхананың ұйымдастыруымен «Даналықтың бәрі – кітапта» атты шара болып өтті. Шараның мақсаты – жастарды кітапханаға тарту, кітапқа деген сүйіспеншілігін қалыптастыру, кітапқұмарлыққа тәрбиелеу еді. Ұйымдастырушы кітапхана ұжымы бұл мақсат үдесінен шықты десе де болады. Оған кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысып, өздерінің оқыған кітаптарынан түсінік беріп, оны өзі секілді достарына оқуға кеңес берді.

№1 жалпы орта білім беретін мектептің 5-сыныбының оқушылары Нұржан Наби, Мадина Бекырза, Асылхан Күмісжан, Фатима Сафи, Бекарыс Қойшыбек, Ақниет Алмасқызы, Нұртілек Сәттіғұлұлы, Нұршат Майрамбай, Нұрдәулет Мұхтар, Аяулым Жексен, Әбілмансұр Аралбай кітап мұқабасындағы кейіпкерлердің бейнесін сомдап, қылықты өнерлерімен көрермендерді тәнті етті. Ұстаз Алмагүл Амангелдіқызы қазақтың ақын қызы Фариза Оңғарсынованың тұлғалық бейнесін аудырмай салды. Кітап оқуға ықыласы жоғары оқырман Кәусар Артықбай ұлы Абай атамыздың қара сөздерінен мысал келтірді.

-Иә, «Кітап-алтын қазына», кітаптың өзі тозғанымен, сөзі ескірмейді. Ол бүкіл адамзаттың ұстазы екенінің тағы да бір куәсі болдық,-деп кітапханашы Айгүл Нұржанқызы шараны қорытындылады.

Өз тілшімізден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT