Атырау қаласындағы NIS-тің химия пәні мұғалімі Гүлзия Бейсенбекова жуырда Таиландтың Кхао Яй қаласында өткен IV Халықаралық мұғалімдер конференциясына, III Халықаралық оқушылар фестиваліне және II Халықаралық климаттық мектепке қатысты.
Іс-шараға Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Лаос ХДР, Сербия, Тәжікстан, Таиланд, Түрікменстан, Өзбекстан және Вьетнам елдерінен 120-дан астам қатысушы жиналды. Конференция барысында климаттың өзгеруі тақырыптарын білім беру бағдарламасына енгізу және оқушыларды жаһандық мәселелерді жергілікті деңгейде шешуге дайындау жолдары талқыланды.
«Балалар мен жастар жобаларын дайындау стратегиясы» тақырыбындағы жұмысы үздік деп танылып, жеңімпаз атанған Гүлзия Сапарбекқызы өз тәжірибесін қаңтар айында өтетін онлайн вебинарда таныстырады.



