«Келешек мектептерінде» инклюзивті білім беру мүмкіндіктері кеңейіп келеді

Келешек мектептерінде инклюзивті білім беру мүмкіндіктері кеңейіп келеді. Мектептерде ерекше білім беруді қажет ететін оқушылар үшін барлық жағдай жасалған.

Психолог, логопед, дефектолог-мамандар жеке кабинетте сабақ өткізеді. Өскемендегі 1 қыркүйек күні ашылған №40 мектепте қазірдің өзінде түрлі диагнозы бар 26 оқушы білім алып жатыр. Кешенді тәсіл мен білікті педагогтардың арқасында ерекше балалар қатарға қосылып, сабақ оқуға деген ынтасы ашылған. Осылайша «Келешек мектебі» ұлттық жобасы инклюзивті білім берудің жаңа стандарттарын қалыптастыруда. Әсем Чамакаева, №40 мектеп директоры: - Мектептің кіреберістерінде пандус жасалған, сонымен қатар лифт жұмыс істейді. Яғни арбаға таңылған балалар үшін кедергісіз әр қабатқа, сыныпқа кіріп оқи алады. Сондай мүмкіндіктер жасалған. Сонымен қатар жанағы кіру бойынша, көзі нашар көретін оқушылар үшін тактилді тақталар, плиткалар, барлығы орнатылған.

 24.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT