Ұлттық жоба елдегі апатты мектептерді және үш ауысымды оқытуды жоюды, сондай-ақ оқушы орындарының тапшылығын толықтыруды мақсат етті.
Алдымен айта кетейік, билік ағымдағы жылдың соңына дейін жаңа форматтағы 217 мектепті, яғни 460 мың оқушы орнына арналған білім беру нысандарын пайдалануға беруді уәде еткен. Алайда бұл – әлі жүзеге асу кезеңінде. Ал қол жеткізілген нәтижелердің өзіне тоқталсақ, мынадай көрсеткіштерді атауға болады.
Салынған мектептердің 40%-ы ең қажет аймақтарға бағытталған
«Келешек мектептері» – «көрсеткіш үшін» салынған нысандар емес, әр өңірдің қажеттілігі мен ерекшелігін ескеретін жоба. Сондықтан әр жерде әртүрлі сыйымдылықтағы мектептер бой көтеруде: бір жерде 300 орындық, ал бір жерде 2500 оқушыға арналған ірі мектептер салынуда. Ең маңыздысы – олардың 40%-дан астамы ауылдық елді мекендерде орналасқан. Бұл ауыл мен қала ар



