КЕЛЕЛІ КЕЗДЕСУ БОЛДЫ

2024 жылдың 1 наурыз күні «Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен Жылыой ауданы Құлсары қаласындағы № 5 мектепте жасөспірімдердің арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі бойынша кезекті ведомствоаралық мәжіліс өткізілді. Мәжіліске Атырау облысы Білім беру басқармасы басшысының м.а. Света Аманшиева, «Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қылышбай Сүндетұлы, аудан прокуратурасы, полиция бөлімі, аудандық білім бөлімінің қызметкерлері, мектеп директорлары мен директордың тәрбие істері жөніндегі орынбасарлары қатысты. Жиынды ашқан салалық кәсіподақ ұйымының төрағасы Қылышбай Сүндетұлы қысқаша сөз сөйлеп, бұл бағытта ауданда туындап отырған көкейкесті мәселелерге тоқталды. Аудан прокуроры, аға әділет кеңесшісі Асхат Қасимов өз сөзінде мектеп оқушыларының арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, осы бойынша профилактикалық жұмысты күшейтуді, қылмыс жасауға биім оқушыларды еш кедергісіз мектепішілік арнайы есепке алуды, мектеп оқушылары тарапынан болған келеңсіздіктер мен құқық бұзушылықты жасырмай, уақтылы құқық органдарына хабарлап отыру және т.б. мәселелерге назар аударуды ескертті.

Атырау облысы Білім беру басқармасы басшысының м.а. Света Аманшиева ауданның білім беру мекеме басшыларына құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып, мектеп оқушылары тарапынан қоғамдық тәртіптің сақталуына күш салуды міндеттеді. Жиналыс барысында жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық профилактикасының тиімділігі, балаларды мектепішілік және полиция бөлімінің есебіне қою, құқық бұзушылық жасаған жасөспірімдердің ата-аналарының жауапкершілігін шешу және т.б. мәселелері талқыланып, қорытындысымен барлық мүдделі жақтардың қатысуымен жұмыс тобы құрылып, бірлескен іс-шаралар жоспары бекітілді.

Кездесу барасында күн тәртібіндегі мәселелер бойынша туындаған сұрақтарға жауап беріліп, алдағы уақытта жастар арасындағы криминогендік жағдайды жақсарту мақсатында бекітілген жоспарға сәйкес шаралар атқарылатын болады.

«Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы»

қоғамдық бірлестігі баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521