Қазақстандық оқушылар роботехникадан дүниежүзілік олимпиадада жеңімпаз атанды

Қазақстандық оқушылар Панама қаласында өткен робототехникадан дүниежүзілік "World Robot Olympiad" олимпиадасында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, сайыста 80-нен астам мемлекеттің 10-19 жас аралығындағы 6-11 сынып оқушылары қатысты.

Робототехника бойынша дүниежүзілік олимпиаданың қорытындысы бойынша, қазақстандық үш команда жүлдегер атанды.

Олар: 2 орын (күміс) – "Future Engineers" категориясында астаналық 10-сынып оқушылары Ансар Саурбаев және Амир Карабаев; 3 орын (қола) – "Robo Mission" категориясында Астана қаласының 8-9 сынып оқушылары Вагиз Дисембаев пен Жанарыс Капаров; 3 орын (қола) – "Future Engineers" категориясында Қызылорда қаласының 11-сынып оқушылары Максим Усольцев пен Дінмұхамед Әбдиев.

Дүниежүзілік роботтар олимпиадасы ең алғаш 2004 жылы Сингапурда 1-ші роботтар сайыс- фестивалі ретінде өткен болатын. Қазақстан аталған олимпиадаға 2014 жылдан бері қатысып келеді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521