Кадет сыныбының оқушылары ант қабылдады

Олар аз уақыттың ішінде шыңдалып, шыныққан деуге болады.

Ауданымызда алғаш рет № 9 орта білім беретін мектеп жанынан биылғы оқу жылының басында «Жас сарбаз» кадет сыныбы ашылған болатын. Оған 6-сыныптың ер балалары қабылданды. Ант қабылдау салтанатты жиынына ата-аналар, Ауған соғысының ардагерлері, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығының орынбасары, қорғаныс бөлімінің қызметкерлері және аудандық білім бөлімінің әдіскері қатысты.

Мектеп директорының міндетін атқарушы Амангүл Тұндыбаева және аудандық білім бөлімінің әдіскері Жәнібек Атырауов құттықтау сөз сөйлеп, жақсы лебізін білдірді.

«Жас сарбаз» кадет сыныбының командирі, бастапқы әскери дайындық пәнінің жетекшісі Асхат Болатов ант қабылдау алдында мәлімдеме жасады. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығының орынбасары, майор Аят Жүнісов оқушыларға куәліктерін табыстады. Кадет сыныбының оқушылары автоматты шашып жинау, оқшантайға оқ жинау, саптық дайындық, күрес тәрізді өнерлерін көрсетті. Олар аз уақыттың ішінде шыңдалып, шыныққан деуге болады.

Жиын соңында оқушылар «Сарбаздар» әнін шырқады. Сонымен қатар болашақ сарбаздар қараша айында өткен облыстық форумнан саптық дайындық байқауы бойынша II орынға, жалпы командалық есепте III орынға ие болған. Олар сертификатпен, төсбелгімен марапатталды.

Ж.ШАҢҚАНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521