ҮЙРЕНЕРІ КӨП ҮЙІРМЕ

Балалардың жазғы демалысын қайткенде тиімді ұйымдастыруға болады? Каникул тек лагерь, пансионатқа немесе ауылға барып, қыдырып, асыр салып ойнап қайту емес. Дема- лыспен бірге бүлдіршінді түрлі өнер саласына баули білсек, жаз қызығы мәнді де мағыналы өтер еді. Міне, осы мақсатты көздеген Құлсары балалар өнер мектебінің ұстаздар қауымы ата-аналар өтінішімен маусым-тамыз айларында үйірме жұмыстарын қолға алды.

Жазғы үйірме II кезең бойынша ұйымдастырылды. Алғашқысында «Summer time» үйірмесіне 79 оқушы қатысты. Үйірме жетекшісі, сырнай бөлімінің мұғалімі Назерке Салауатқызы өзге ұстаздармен бірге бүлдіршіндерді домбыра-тенордан, дәстүрлі ән мен сырнайдан, прима- қобыз бен фортепиано, көркемсурет, актерлік шеберлік және эстарада-вокал жанры бойынша өнерге баулып, бар білгенін үйретті. Үйірме 12 бағыт бойынша жұмыс жасап, 21 мұғалім сабақ берді.

II кезеңі тамыздың 1-інде ашылып, 23-іне дейін созылды. Бұл жолғы үйірме «Көңілді жаз» деп аталды. 64 оқушыға 19 мұғалім дәріс беріп, 10 бағыт бойынша жұмыс жасады. Үйірме жетекшісі, домбыра-тенор мұғалімі Гүлжан Нұрланқызы бекітілген жоспарға сәйкес оқушылармен түрлі бағытта тәрбиелік шаралар ұйымдастыра білді. Таңғы жаттығуды бүлдіршіндерге Жәния Байманбетқызы мен Айсұлу Қайратқызы жасатса, ритмикалық ой- ындарды Жанаргүл Мұханбетиярқызы, ойлан тап, сұрақ-жауапты Эльвира Мұхамбетқызы мен Ризабек Серіктер жасырып, спорттық жарыстардың эстафеталық ойындарын Гүлшат Әділқызы ұйымдастырып, саябаққа серуендеп, асфальтқа сурет салуды көркемсурет бөлімінің ұстаздары Айгүл Каримоллақызы мен Гүлзада Айтбайқызы қолға алса, «Жаз ханшайымы мен жаз ханзадасы» сайысын көркемсурет мұғалімі Ақерке Жарасқызы өткізді. Осындай ұлағатты ұстаздардың ұйымдастыруымен үйірме бағыты жоғары деңгейде өтті.

Жазғы үйірменің басты ерекшелігі – мектеп қабырғасында оқып жүрген оқушыларды жазғы демалыс уақытында мұғалім басшылығымен түрлі жарыстарға дайындығын шыңдап, уақытын тиімді өткізеді. Жаңа қабылданатын бүлдіршіндер өзінің нақты қай бағытқа ынтасының бар екендігін айқындай алады,-дейді үйірме жетекшілері.

Мұғалімдердің ұтымды ұйымдастыруының арқасында оқушылар да үйірме жұмысына белсене қатысып, оң нәтижемен аяқтады.

Айнұр ӘДІЛХАНҚЫЗЫ,

Құлсары балалар өнер мектебі оқу ісінің меңгерушісі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT