JasUp жобасы жас техниктерді біріктірді

Майкөмген ауылында “JasUp” жобасы аясында оқушылар үшін тың серпіліс әкелген шеберлік сағаты өткізілді. “Робототехника” кабинетінде ұйымдастырылған шарада 7-8 сыныптар арасынан  20-дан аса оқушы робототехника негіздерімен, электроника құрылымымен, бағдарламалаудың алғашқы қадамдарымен, сондай-ақ 3D модельдеу және басып шығару мүмкіндіктерімен танысты.

Бұл кабинет бір жыл бұрын демеушілік көмектің арқасында қажетті роботтық техника құралдарымен толықтай жабдықталып, оқушыларға тәжірибе жинауға арналған кеңістік ретінде іске қосылған еді. Қазір ол жасөспірімдердің инженерлік ойлауын дамытатын маңызды орталыққа айналып отыр.

Аудандық білім бөлімінің қолдауымен және жас техниктер станциясының серіктестігімен, сондай-ақ ТШО-ның демеушілігі арқылы жүзеге асырылған  “JasUp” жобасы ауыл оқушыларына техникалық саланы тереңірек меңгеруге мүмкіндік беруді мақсат етеді.

Бұл кездесу жобаның бір ғана кезеңі. Жыл соңына дейін балалардың техникалық сауатын арттыруға бағытталған бірнеше ауқымды іс-шара өткізу жоспарланып отыр. Осындай бастамалар жас буынның технологияға қызығушылығын арттырып, болашақ мамандық таңдауда дұрыс бағыт беруіне жол ашады.

А.Ерденқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT