JasUp кеңістігінде зымыран және автокөлік модельдерін жасау бойынша шеберлік сабақтары өтті

Шеберлік сағаты технология әлеміне қызығушылығы бар мұғалімдер мен оқушыларды және ата-аналарды біріктірді.
Қатысушылар зымыран жасау және автомодельдеу спортындағы жарыстарға қатысу ережелері мен талаптары туралы ғана емес, сонымен қатар нақты модельдер жасау бойынша практикалық дағдыларды да үйренді.

Іс-шара барысында оқытушылар шағын автокөлік және зымыран моделін жасауға ең қолайлы материалдар мен бөлшектер туралы айтып, алдағы жарыстар туралы ақпаратпен бөлісті. JasUp жобасының менеджері Асқар Алданның айтуынша, шеберлік сабақтарының басты сәттерінің бірі стриммер S6a класты зымыран үлгісін жасау болды.

"Бұл зымыран модельдері жеңіл және шағын құрылым болып табылады. Қатысушылар осындай зымыранды жасап қана қоймай, оны іске қосуға да мүмкіндік алды, бұл шараға қатысушылардың барлығын қызықтырды. Мұндай класты зымыран үлгілері көп жағдайда халықаралық жарыстарда, мысалы, зымыран модельдеу спорты бойынша әлем чемпионаттарында қолданылады, онда ұшу қашықтығы мен биіктігі, сондай-ақ төмендеуді бәсеңдету тиімділігі бағаланады" дейді JasUp жобасының менеджері Асқар Алдан.

Автомодельдеу шеңберінде оқушылар мен мұғалімдер 1:24 автотрассалық моделінің талаптарымен танысты. Бұл үлгілер жарыс жолында жоғары дәлдікпен басқаруды және берілген траектория бойынша қозғалыс жылдамдығын қамтамасыз етеді. Шеберлік сабақтары қатысушыларға осы спорт түрлерінің негіздерімен танысып қана қоймай, жарыстарға әрі қарай қатысуға және күрделі әрі инновациялық үлгілерді жасауға шабыт берді.

Зымыран модельдеу және автомодельдеу жарыстары техникалық дағдыларды ғана емес, сонымен қатар баланың шығармашылық ойлауын жетілдіріп, топта жұмыс істеу қабілетін дамытады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521