Филиппиндік Жылыойда сабақ беріп жүр

Ауданымызда бірнеше жылдан бері дарынды балаларға дәріс беріп жатқан Жылыой лицей-интернаты бар.

Ол оқу орнында ұстаздар үш тілде сабақ жүргізеді. Балалардың әсіресе ағылшын тілін толыққанды үйреніп шығуы үшін лицейге жаңадан шетелдік азамат жұмысқа орналасқан.

-Қазақ тілі мен орыс тілінде еркін сөйлейтін оқушыларымыздың ағылшыншасы да таза болсын деген үлкен мақсатым болды. Министрлікке шығып, ұсынысымды айтып, барлығымыз бірлесіп, Филиппин азаматын алдырттық. Сөйтіп, 1 жарым айдан бері Арано Джон Мерфи атты мұғаліміміз ағылшын тілінде сабақ беруде. Оның оқыту әдісі де бөлек. Өзі балалармен дос болып алған, өзара шүйіркелесіп, барлығын әңгімеге тартып отырады,-дейді лицей директоры Сәкен Талдахметов.

П.ҚИЗАТОВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521