Фариза оқуларының жүлдегері

Облыстық «Фариза оқулары» байқауында «Жырым қалсын жанымның ұшқынындай» бағыты бойынша №3 жалпы орта білім беретін мектептің 11-сынып оқушысы Айжанат Шопан жүлделі 1-орынды жеңіп алды.

Алдымен №6 жалпы орта білім беретін мектепте байқаудың аудандық кезеңі өткізілді. Жыр сайысын облыстық Білім беру басқармасының «Таланттарды анықтау және қолдау» орталығы Исатай ауданы білім бөлімімен бірлесіп ұйымдастырды. Ал байқаудың облыстық кезеңі Исатай ауданы, Аққыстау ауылындағы «Өнер» мектебінде өткізілген.

Қазақ ақыны, халық жазушысы, журналист Фариза Оңғарсынованың шығармаларын дәріптеу, халықтың жүрегінен орын алған поэзия падишасының өлеңдерін мектеп оқушылары арасында насихаттау, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалык талғамдарын дамыту және ақын жырлары арқылы отансүйгіштік рухты ояту, туған елді, жерді сүюге, құрметтеуге, оның дәстүрі мен мәдениетін қастерлеуге шақыру байқаудың мақсаты еді. Сондай-ақ, бұл байқау арқылы жас дарындарды анықтап, шығармашылық қабілеттерін қолдау іс-шараны өткізудегі тағы бір көздеген мақсат болатын.

Шопан Айжанат «Жырым қалсын жанымның ұшқынындай…» ақын өлеңдерін мәнерлеп, жатқа оқу бағыты бойынша 70 өлең жаттап, бағын сынады. Бұл бағыт бойынша облыс мектептерінен 13 оқушы қатысты. Айжанатты байқауға дайындаған жетекшісі, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі – Мөлдір Есеналиева. Жетекшісі – Мөлдір Хасанғалиқызы шәкіртінің мектеп өмірінде өте белсенді оқушы екенін әрі пәндік олимпиадалардың да жеңімпазы екенін айтып өтті.

Ш.Хамитова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT