Ерекше балаларды қолдау кабинеті

Ерекше балаларды қолдау кабинеті
Фото: Ш.Хамитова

«Теңізшевройл» ЖШС-ның қолдауымен «Ой-Сана» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен осыған дейін аудандағы №22, 23,10 мектеп базаларында инклюзивті психологиялық-педагогикалық қолдау кабинеті ашылған еді. Ал «Сенім тірегі» қоғамдық қорымен №16 және №7 мектеп жанынан инклюзивті қолдау кабинеттері жасақталды. Енді, міне, Құлсары қаласындағы №9 жалпы орта білім беретін мектептен де инклюзивті психологиялық-педагогикалық қолдау кабинеті ашылды. Бұл жөнінде аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мектеп қабырғасындағы инклюзивті психологиялық-педагогикалық қолдау кабинетінің болуы кез келген баланың, оның ішінде ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушының дамуы үшін кедергісіз, толерантты және достық атмосфера мен жағдай жасауға мүмкіндік береді. Бұл кабинеттердің ашылуы арқылы ерекше балалардың өзге қатарласымен тең дәрежеде білім алуына жағдай жасалады, олармен арнайы мамандар жұмыс істеп, жеке көмек көрсетіледі. Ш.Хамитова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT