Енді «Жұлдыз-2» ықшамауданында да «Келешек мектебі» бар

Атырауда биыл «Келешек мектептері» жобасы аясында «Жұлдыз-2» ықшамауданындағы оқушыларға есігін айқара ашқан заманауи білім ордасының табалдырығын 122 бірінші сынып оқушысы аттаған болатын, – деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Білім ошағы екі ауысымда 1800 оқушыны қабылдауға есептелген. Жалпы аумағы 10 мың шаршы метрден асатын ғимаратта оқу кабинеттерімен қатар асхана, спорт және акт залдары, кітапхана, STEM-зертхана және медициналық кабинет орналасқан. Ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін арнайы лифт орнатылған.

– Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 29 тамыз күні «Жұлдыз-2» ықшамауданында 900 орындық жаңа мектеп пайдалануға берілді. Оқушыларды қабылдау 20 тамыздан басталды, биылғы оқу жылының басында 1200 бала мектеп табалдырығын аттады. Білім күні мектебімізде алғашқы қоңырау соғылды, – дейді №48 жалпы білім беретін мектептің директоры Орынгүл Хуандыкова.

Жаңа мектептің ашылуы «Жұлдыз-2» ықшамауданы тұрғындары үшін үлкен қуаныш болды. Бұған дейін мұнда мектеп болмағандықтан, балаларға «Жұлдыз-1» мектебіне баруға тура келетін.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT