Енді оқушылар мектеп компьютерлерін пайдаланатын болады

Бұл туралы журналистермен өткізген брифингте Атырау облысы әкімі Махамбет Досмұхамбетов айтты, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Пандемия жағдайына байланысты 2020-2021 оқу жылын оқушылар қашықтықтан оқиды. Бірақ, ата-аналар өтінішіне орай, бастауыш сыныптар үшін кезекші сыныптар ұйымдастырылады.

Облыстағы 16 693 оқушыға компьютер қажет деген облыс басшысы бұл мәселені шешу үшін жаңа оқу жылы басталғанша оқушыларға 15 246 мектеп компьютерлері қайтарымды келісіммен таратылып беріліп жатқанын айтты.

Бірінші кезекте көп балалы отбасылар мен аз қамтылған жанұяларға берілетінін айрықша атап өткен Махамбет Досмұхамбетов:

«3000 бала үшін интернет қажет болып отыр. Осы орайда «Қазақтелеком» АҚ-ы интернет желісін қосу жұмыстарын жүргізуде. Одан бөлек ұялы операторлармен келісімдер жүргізіліп, жалпыға міндетті оқу қорынан қайтарымсыз негізде 3000 роутер сатып алынуда», — деді.

Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

logo1

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

 

Яндекс.Метрика