ЕЛ ЕРТЕҢІН ҚУАНТҚАН ЕРІКТІЛЕР

Облыстық Білім беру басқармасы мен аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен №6 жалпы орта білім беретін мектепте республикалық “Мектепке жол” акциясы өтті. Қайырымдылық шараға аудандағы “Байұлы Шеркеш ата” қоғамдық қорының еріктілері демеушілік көрсетті. Ерікті азаматтар өңірдегі 20 жалпы орта білім беретін оқу ордасындағы әлеуметтік көмекке мұқтаж 20 оқушыға жаңа оқу жылына арналған оқу құралдары салынған мектеп сөмкесін сыйға тартты.

-Акцияның мақсаты - әлеуметтік жағдайына байланысты ата-аналары мектеп құралдарымен қамтамасыз ете алмай отырған оқушыларымызға жаңа оқу жылына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету. «Қуантсаң, баланы қуант, ақылына сәуле түссін» дегендей, ел ертеңі – балаларға қамқорлық танытып, сый-сияпат тарту еткен жүрегі жомарт жандарға алғысымызды білдіреміз,-дейді ұйымдастырушылар.

Иә, бала жанына жылулық сыйлайтын акция аясында ата-аналар демеушілік көрсеткен ел ағалары мен мектеп басшылығына, білім бөліміне ризашылық сезімін білдірді.

П.ҚИЗАТОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT