Ел болашағы - латында

Аудандық білім бөлімі әдістемелік кабинетінің меңгерушісі А.Қалиева мен әдіскер Ш.Темірбаеваның ұйымдастыруымен семинар өткізді.

Семинардың тақырыбы «Латын графикасы және тәрбиешілердің дәріс тезисі» болды. «Еркем-ай» бөбекжай бақшасының меңгерушісі Айсұлу Дәрібаева аудандық семинардың ашылуымен көпшілікті құттықтап, бағдарламаның тәртібімен таныстырды. Одан кейін «Шапағат» балабақшасының қазақ тілі маманы Әйгерім Қыдыр «Акут» дегеніміз не?» деген тақырыпта ұйымдастырылған оқу қызметін жүргізді. Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен қазақ тілі әліппесі жаңа латын қарпіне көшетінін, бүгін акут белгісі бар әріптермен танысатынын баяндап, слайд көрсетті. Балалармен ойын ойнады.

Кейін «Еркем-ай» бөбекжай бақшасының маманы Самал Айдабаева «Латын әліпбиін үйренейік» тақырыбында ұйымдастырылған оқу қызметін жүргізді. Тосын сый ретінде бөлмеге Әліппе (кейіпкер) кірді. Балаларға өзінің ең құрметті дүние екендігін, ол ешқашанда ұмытылмайтынын, заманауи уақытқа байланысты адамдар латын әліпбиіне көшетінін әңгімеледі. "Сіздерге мен дара жол боламын. Болашаққа үлкен мақсатпен қарайтын боламыз" деп балаларды сендіре сөйледі. Бүлдіршіндер өздері жаттаған тақпақтарын айтты. Келесі тапсырма бойынша латын қарпін құрастырды.

Қ.Сейтуова,

«Еркем-ай» бөбекжай бақшасының әдіскері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521